+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

«Қайырымды істер марафоны»: ШҚО-да қандай шаралар атқарылуда

2021 жылғы 27 шілде 13:37
Бөлісіңіз:
«Қайырымды істер марафоны»: ШҚО-да қандай шаралар атқарылуда

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында «Қайырымды істер марафоны» аясында 2173 шара ұйымдастырылып, оған 16178 адам қатысқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қайырымды істер марафоны» ұйымдар мен қарапайым қазақстандықтарды біріктіретін жалпыұлттық қозғалыс. Мұндағы мақсат – адамдарды мейірімді болуға, жақсылық жасауға ынталандыру. Себебі әрбір қазақстандық азамат біз үшін қымбат. Шығыс Қазақстанда жоба басталғалы бері шағын және орта бизнес өкілдері, жоғарғы оқу орындары, колледждер мен мектептер, жеке компаниялар, қайырымдылық қорлары, қоғамдық ұйымдар және 154 шағын волонтерлік топтар белсенді жұмыс жүргізуде. Олар мұқтаж адамдарға көмек көрсетіп, қан тапсырып, ағаш отырғызып, экологиялық акцияларға қатысып жатыр», - деді облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы Арайлым Есімбекова.

Оның айтуынша, марафон аясында өңірде 2173 шара ұйымдастырылып, оған 16178 адам қатысқан.

«Коронавируспен аянбай күресіп, талай жанды ажалдан арашалап қалған дәрігерлерге жерлестеріміз азық-түлік себеттерін, қолдау мен шынайы ризашылықтары жазылған хаттарды жолдауда. Ауылдағы мектеп түлектері біраз уақыттан кейін елге, жерге тағзым етіп, қайырымды істер атқаруда. Мысалы, Аягөз ауданындағы Қызылқи орта мектебінен 2001 жылы түлеп ұшқандар ауылдық амбулаторияға ӨЖЖ аппаратын алып беріп, 1,2 млн теңгеге елді мекенге абаттандыру жұмыстарын жүргізген. Зайсан ауданы Кеңсай ауылдық округіндегі мектеп түлектері білім ордасының акт залын күрделі жөндеуден өткізді. Сондай-ақ халықаралық донорлар күні қарсаңында шығысқазақстандық 153 донордан 76 литр қан жиналған», - деді Арайлым Есімбекова.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT