+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

«Қайырымды істер марафоны»: Қарағанды облысы Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын қалай атап өтеді

2021 жылғы 4 тамыз 01:58
Бөлісіңіз:
«Қайырымды істер марафоны»: Қарағанды облысы Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын қалай атап өтеді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын қалай атап өтетінін және қандай қайырымдылық акциялары өткізілетіні жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Құсайын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Португалия жұртшылығы Қазақстанмен танысуда Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Нұр-Сұлтан қаласының басты жетістіктері қандай Ақмолалық оқушылар Тәуелсіздіктің 30 жылындағы жетістіктермен танысты
 «Осы жылдың ең басты оқиғасы – Ел Тәуелсіздігінің отыз жылдығы. Біздің міндетіміз – мерейтойды ең алдымен азаматтарымыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған игі істермен атап өту. Ешқандай салтанатты мерекелер жоспарланбайды», – деп атап өтті Ерлан Құсайын. 

Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеудің өңірлік жоспарына 187 іс-шара енгізілді, оның ішінде 5 халықаралық, 6 республикалық, 13 облыстық және 163 қалалық және аудандық іс-шаралар. Сондай-ақ, облыста «Ордалы отыз іс» арнайы жобасы құрылды.

«Қайырымдылыққа көп көңіл бөлінеді. Мәселен, республикада «Қайырымды істер марафондары« жалпыұлттық жобасы жұмыс істейді. Оның аясында жыл басынан бері облыста 21 233 адамның қатысуымен 2 642 іс-шара өткізілді. Жыл басынан бері қарттарға, жалғыз басты аналарға, көп балалы, аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетілді. Оларға азық-түлік себеттері берілді. Сондай-ақ, көптеген кәсіпкерлер, фермерлік шаруашылықтар, ҮЕҰ медициналық мекемелерді қажетті құрал-жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыс атқарды. Облыс тұрғындары, еріктілер де өз үлестерін қосты», – деп атап өтті спикер.

Бүгінгі таңда облыста 97 волонтерлік ұйым мен топ жұмыс істейді, оларға 7 мыңға жуық жастар кіреді. Жеке волонтерлік бастамаларды бизнес-қоғамдастық қолдайды. Мысалы, «Қайырымды ұрпақ» қайырымдылық акциясы аясында 137 бала жалпы сомасы 5 миллион теңгеден астам көмек алды.

Тағы бір ауқымды игі істер акциясы – «Ел тірегі – Елбасы». Бірінші жартыжылдықта 23 тонна азық-түлік, сондай-ақ 769 бірлік жеке қорғаныс құралдары таратылды. Акцияға Облыстың 1 500-ден астам еріктілері қатысты.

«Экологиялық мәселелер де бұрынғыдан да өзектірек бола түсті, сондықтан «Біргеміз таза әлем« бағыты бойынша «Таза табиғат« ұлттық жобасы іске асырылуда. Облыста өзендер мен су қоймаларын тазарту, ағаш отырғызу бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. Жыл басынан бері өңірде осындай 5 мыңнан астам іс-шара өткізілді. Бұл жұмыс одан әрі жалғасатын болады», – деп атап өтті Ерлан Құсайын.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT