«Қайырымды істер марафоны»: Елордалықтарға 10 мыңнан астам азық-түлік себеті таратылған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында жыл басынан бері астана тұрғындарына 10 мыңнан астам азық-түлік себеті таратылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов әкімдіктің онлайн брифингісінде айтты.

«Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Нұр-Сұлтан қаласныда 300-ден астам шара өткізілді. Бұл шаралар 66 мыңнан астам адамды қамтып, атаулы көмек пен қолдау көрсетілді. «Қайырымды істер марафоны» ұранымен өткен шаралар аясында әкімдік қызметкерлері мен еріктілер, Қазақстан халқы ассамблеясының қалалық бөлімшесінің өкілдері мен бизнесмендер жарты жылдың ішінде 10 мыңнан астам азық-түлік себетін таратты», - деді әкімдік өкілі.

Сондай-ақ, ол тәуелсіздіңтігін шапағатын тұрғындарының шындап сезінуіне еріктілердің үлкен ұлес қосып жүргенін атады.

«Қыста волонтерлер мұқтаж отбасылардың ауласын қардан аршып, дәрі-дәрмек әкеп беруге көмектесті. Мысалы, «Қайырымды істер марафоны» аясында 8 наурыз мерекесі қарсаңында әкімдіктің бастамасымен 2 мыңнан астам азық-түлік себеті үлестірілді. Ол көмекті егде адамдар, І, ІІ, ІІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар, жалғыз ілікті аналар, көпбалалы аналар алды. Бұл марафон жылдың аяғына дейін жалғасады. Оны арнайы айтып отырған себебіміз, 30 жылдық аясындағы қайырымды істерге тағы да демеушілер тартып, тек азық-түлік себетін таратумен шектелмей, жалпы мұтаж отбасыларға жан-жақты көмек сөрсеткіміз келеді», - деді Дәурен Бабамұратов.


Соңғы жаңалықтар