Қайтыс болған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасыларына қолдау көрсетілуде - ІІМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тәртіпсіздік кезінде қайтыс болған ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасыларына жан-жақты қолдау көрсетілуде. Бұл туралы Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министр тәртіпсіздік кезінде қайтыс болған әскери қызметкерлердің және ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасыларына біржолғы өтемақы төлеу мәселесіне тоқталды.

«Жақында қаңтарда террористер қолынан полиция мен Ұлттық ұланның 8 қызметкері қайтыс болды, 2911-і жарақат алды. Ерлікпен қаза болғандар 2-ші және 3-ші дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Олардың отбасына жан-жақты қолдау көрсетілуде. Одан бөлек, заң бойынша қызмет міндетін атқару барысында қайтыс болған қызметкердің отбасына 5 жылдық қызметтік қаржысы және жерлеу үшін 3 айлық өтемақы төленеді», - деді Ерлан Тұрғымбаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров «Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі жедел іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасын таныстырылды. Талқылаудан кейін құжат жобасы бекітілді.

Жоспар қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қалпына келтіру, әлеуметтік және басқа да инфрақұрылымдар, әлеуметтік мәселелер, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу, халық пен кәсіпкерлікті қолдау әрі ұйымдастыру-қаржы мәселелері бойынша 51 іс-шарадан тұрады.


Соңғы жаңалықтар