Қайтуға мүмкіндік беруіміз керек – Ералы Тоғжанов Оңтүстік Кореядағы отандастарымыз жайлы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қытай мен Иран бағытындағы әуе рейстері тоқтатылғанымен, неліктен Оңтүстік Корея бағытында тек шектелгенін түсіндіріп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Әлбетте Қытай секілді емес, Оңтүстік Кореяға әуе рейстері неліктен тек шектелгені жайлы сұрақтар қойылып жатыр. Ол жақта осыған дейін айтылғанындай 35 мыңға тарта Қазақстан азаматы жүр. Оларға Отанына оралуға мүмкіндік беруіміз керек. Олар үшінші мемлекет арқылы да еліне қайта алады», - деді Ералы Тоғжанов Үкіметтің баспасөз орталығында тілшілердің сұрағына жауап бере отырып.
Үкімет басшысының орынбасарының айтуына қарағанда, Оңтүстік Кореяда оқитын студенттердің көбі қазір каникулда – Қазақстанда жүр.
«Каникулда жүрген студенттердің жағдайы жақсы. Көбі Қазақстанда. Мыңға тарта студентке Оңтүстік Кореяға бармай-ақ қоюға кеңес бердік. Білім және ғылым министрлігіне студенттердің оқу мерзімін ұзартуға қатысты сондағы ЖОО басшыларымен келісу бойынша нақты тапсырма берілді», - деді ол.
Айта кетсек, бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Қазақстан азаматтары коронавирус инфекциясы ушыққан Иран мен Оңтүстік Корея елдерінен әзірге эвакуацияланбайтынын хабарлаған еді.
- 2 мегаполис пен 4 облыс сары аймақта тұр
- КВИ: Емделіп жатқан 226 адамның жағдайы ауыр
- Коронавирус пневмониясынан 2 адам қайтыс болды
- 742 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
-
Қазақстанда өткен тәулікте 832 адамнан коронавирус анықталды
-
Қазақстан мен Өзбекстан медицина саласында ынтымақтастықты нығайтады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам