+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қайсар Жұмабайұлы «ҚТЖ» БАҚ-пен жұмыс департаментінің директоры болды

2021 жылғы 19 сәуір 12:25
Бөлісіңіз:
Қайсар Жұмабайұлы «ҚТЖ» БАҚ-пен жұмыс департаментінің директоры болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қайсар Жұмабайұлы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департаментінің директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Президент өңірлік деңгейдегі судьялар арасында ауыс-түйіс жасады Сапархан Омаров жаңа қызметке тағайындалды Атырау облысының Жолаушылар көлігі басқармасына жаңа басшы келді

«ҚТЖ»-ның БАҚ-пен жұмыс жөніндегі департаментіне жаңа директор тағайындалды. Бұл ақпаратты Қайсар Жұмабайұлының өзі растады.

Қайсар Жұмабайұлының БАҚ және PR саласында тәжірибесі бар. Әр жылдары Алматыдағы қалалық «Столичное обозрение» газетінде, «Шаһар» телерадио кешенінде, «Қазақстан» РТРК, «Хабар» агенттігінде, TSC-group инвестициялық-өнеркәсіптік корпорациясының қоғаммен байланыс департаментінде жұмыс істеді.

Кейін сол кездегі Индустрия министрлігінің баспасөз хатшысы болып қызмет атқарды. Астана әкімінің кеңесшісі болды, елорда әкімдігіне қарасты «Елорда Аqparat» медиа-ресурсын басқарды.

Бүгінгі тағайындауға дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің талдау және болжамдау орталығы меңгерушісінің орынбасары, ҚР Тұңғыш Президенті Қорының стратегиялық коммуникациялар орталығында Перспективалық зерттеулер орталығының басшысы болып жұмыс істеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT