«Қайсар» клубы бапкер мен футболшының арасындағы жанжалға түсінік берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қайсар» футбол клубы бас бапкер мен футболшының арасындағы дау-дамайға байланысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде «Қайсар» клубының бас бапкері Стойчко Младенов пен футболшының арасында дау-дамайдың болғаны тарады. Бұл жайт «Каспий» және «Қайсар» командаларының арасындағы ойыннан соң, киім ауыстыратын бөлмеде орын алған. Куәгерлер айтқандай, бас бапкер футболшыға мемлекеттік тілде сөйлеуге тыйым салған.

Бүгін «Қайсар» футбол клубының ресми сайты аталған жайтқа қатысты мәлімдеме жасап, нақты себебін жариялады.

«Қайсар» мен «Каспий» кездесуінен кейін киім ауыстыратын бөлмеде бапкер мен ойыншы арасындағы түсініспеушілік жағдай орын алды. Бұл жағдай матчтан кейінгі эмоциядан туындағаны белгілі болды. Жеңіс пен жеңіліс қатар жүретін спортта мұндай сәттер жиі кездеседі. Қазір бапкер мен ойыншы арасындағы қарым-қатынас ретке келді. Бапкерлер қосыны мен футболшылар алдағы «Тобылмен» өтетін ойынға дайындығын пысықтауға көшті» делінген сайттағы хабарламада.


Соңғы жаңалықтар