Қайрат Сүнтаев ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысының Өкімімен Қайрат Сүнтаев ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

«Қайрат Иматұлы Сүнтаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды», - делінген хабарламада.

Қайрат Сүнтаев Павлодар облысында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек өтілі:

1979 жылы Павлодар облысында Комсомол жастар бригадасында тас қалаушы;

1983-1987 жылдары «Алматықұрылыс» тресі тұрғын үй-пайдалану учаскесінің дәнекерлеушісі, тас қалаушысы;

1986-1987 жылдары - «Алматықұрылыс» тресі тұрғын үй-пайдалану учаскесінің 1 санаты бойынша спорттан нұсқаушы;

1992-1993 жылдары – Павлодар облысы Краснокутск ауданы прокуратурасының тергеушісі;

1993-1994 жылдары - Павлодар облысы прокуратурасының тергеушісі;

1994-1995 жылдары – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі органдарының тергеу мен анықтауды қадағалау жөніндегі прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Тергеу департаментінің аға прокуроры;

1995-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жедел іздеу қызметінің заңдылығын қадағалау басқармасының аға прокуроры;

1997-1998 жылдары – Ақмола облысы Ерейментау ауданының прокуроры;

1998-2000 жылдары – Астана қаласы Алматы ауданының прокуроры;

2000-2002 жылдары – Астана қаласы прокурорының орынбасары;

2002-2004 жылдары - «KEGOC» компаниясы заң департаменті директорының орынбасары;

2004-2006 жылдары – Астана қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) басшысының орынбасары;

2006 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Тергеу және анықтау департаменті басшысының міндетін атқарушы болды;

2006 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Тергеу және анықтау департаменті басшысы қызметін атқарды; 2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Тергеу комитеті төрағасының орынбасары;

2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Тергеу комитеті төрағасының міндетін атқарушы;

2008-2009 жылдары – Атырау облысы ІІД бастығы;

2009-2010 жылдары Қарағанды облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті басшысының орынбасары;

2011-2014 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі құқық қорғау жүйесі бөлімінің инспекторы;

2014-2016 жылдары – Ақтөбе облысы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысы;

2016-2018 жылдары – Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы департаментінің басшысы;

2018-2019 жылдары – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро басшысы;

2019 жылдың шілдесінен бүгінге дейін Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің басшысы қызметін атқарды.

«Қазақстан полициясына 15 жыл», «ІІМ-дегі үздік қызметі үшін» төсбелгілерімен марапатталған.


Фото: inbusiness.kz


Соңғы жаңалықтар