Қайрат Нұртас «Біз біргеміз» акциясына қосылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан эстрадасының атақты әншісі Қайрат Нұртас елордада медициналық қызметкерлерге сүт өнімдерін таратты. Сүт өнімдері қаладағы үш ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Коронавирус індеті дүниежүзін жаулап алды. Қиын кезеңде баршамызға жұдырықтай жұмылып, бір-бірімізге көмектесу маңызды. Осы елдің азаматы ретінде қиын жағдайға бей-жай қарамай, өз тарапымнан волонтерлермен бірге ауыр дертке шалдыққан адамдарды емдеу қызметінде жүрген абзал жандарға қолдау көрсетуді жөн көрдім. Олардың жұмысы ауыр әрі қауіпті. Сабырлық пен денсаулық тілей отыра, мен қазақстандық медицина қызметкерлерінің барлығына адал еңбегі үшін алғысымды білдіремін. Біз біргеміз!» – деді Қ. Нұртас.

«Саулық» волонтерлер бағытымен бірлесіп үш емдеу орталығына азық-түлік таратылды. Атап айтқанда, фтизиопульмонология орталығына, № 3 көпбейінді қалалық балалар емханасы және карантиндік стационар орналасқан «Рамада Плаза» қонақ үйі кешеніне жеткізілді.

Таяуда әнші Нұр-Сұлтан қаласы штабының волонтерлер қатарына қосылған болатын. Елордалық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың жанындағы қалалық еріктілер штабы халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына көмек көрсетуді жалғасытырып жатыр.


Соңғы жаңалықтар