Қайрат Келімбетов АХҚО қызметкерлерінің қанша жалақы алатынын айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов АХҚО қызметкерлерінің еңбекақысы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның атап өтуінше, АХҚО қызметкерлерінің жалақысы «Бәйтерек» холдингі деңгейінде белгіленді.

«Менің ойымша, «Бәйтеректе» басқарушы персонал орташа есеппен 5 мың доллар шамасында алады», - деп нақтылады Қ. Келімбетов Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Сонымен қатар ол АХҚО қызметкерлері бонустар алмайтынын айтты.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мәжілістің жалпы отырысында «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Конституциялық заң жобасы мақұлданды.

Соңғы жаңалықтар