Қайрат Әбдірахманов Қазақстанның Сирия келіссөздеріндегі рөлі туралы айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Еуразиялық медиа форум барысында ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Сирия дағдарысын реттеудегі Астана процесінің рөлі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Министр Астана процесінің бірігейлігі ретінде келіссөздерге Ресей, Иран, Түркия сияқты мүдделі елдердің қатысып жатқанын атап өтті.

«Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Астана процесі мүдделі тараптармен қатар Сириялық оппозицияны да қабылдап, олардың арасында келісім жүргізуге тырысып жатыр. Бұл тараптардың көзқарастары бір-біріне қарама-қайшы. Астана процесі кезінде оппозициялық тарап залдан шығып кеткенін де айтуға болады. Кейін олар Нұрсұлтан Назарбаевты құрметтегендіктен және Қазақстанның осы процестегі ашық әрі айқын бейтараптығы үшін ғана залға кіретіндігін мәлім етті», - деді Қ.Әбдірахманов.

Астанада жасалған келісім Сирия дағдарысын шешуге, шиеленіс жалынын аазайтуға бағытталған.

Оның айтуынша, бұл Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы алтын көпір екендігін дәлелдесе керек.

«Қазір әлемде қандай жағдайды көріп отырмыз? Елдердің арасындағы саяси, әскери, экономикалық бәсеке белең алып барады. Бізді халықаралық дипломатиялық мәдениеттің тоқырап бара жатқандығы алаңдатады. Соған қарамастан Қазақстан достық пен бірліктің, ынтымақтастықтың үлгісін көрсетіп отыр», - деді Қайрат Әбдірахманов.

Айта кету керек, Алматыда Орталық Азиядағы тәуелсіз диалог алаңы аталған Еуразия медиа форумына 60-тан астам елден 500 делегат қатысуда. Алқалы жиында сарапшылар мен саясаткерлер, экономистер мен қоғамдық пікір иелері Қазақстанның, Еуразияның, жалпы әлемдік қауымдастықтың экономикалық, геосаяси, мәдени-әлеуметтік мәселелерін талқылайды. Форумның алғашқы күні шеберлік дәрістерінен басталды.
null 

ЕАМФ жұмысына 1 500-ден астам беделді БАҚ, олардың арасында Euronews, CNN, BBC, Assosiated press, New York Times, Bloomberg, ИТАР ТАСС өкілдері атсалысты.

Шараның ашылу салтанатында ҚР Ақпарат және комуникациялар министрі Дәурен Абаев медиафорумға қатысушыларға Елбасының үндеухатын оқып берді.

Соңғы жаңалықтар