Қайрат Әбдірахманов ЕҚЫҰ СІМ кеңесінің отырысына қатысады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР СІМ Қайрат Әбдірахманов ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлерінің отырысына қатысады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«6-7 желтоқсанда Милан қаласында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері деңгейінде 25-ші отырысы өтеді. Аталған кездесуге ұйымның барлық 57 Сыртқы істер министрлерінің қатысуы жоспарлануда. Қазақстан делегациясын Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов бастап барады,- деді Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастығы ұйым қызметінің әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және адами саладағы барлық үш өлшемінде жүзеге асырылады. 2010 жылғы 1-2 желтоқсанда ЕҚЫҰ Саммитінде қабылданған «Қауіпсіздік қоғамдастығы жолында» атты Астана декларациясының рухын енгізу ең маңызды басымдық болып табылады.

«Қазақстан Сыртқы істер министрі ЕҚЫҰ институттарының басшыларымен, сондай-ақ Ұйымға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерімен екіжақты кездесулер өткізеді», - деді ресми өкіл.

Соңғы жаңалықтар