Қайрат Әбдірахманов ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары лауазымына сайланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық дипломат Қайрат Әбдірахманов ЕҚЫҰ-ның Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары лауазымына сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қайрат Әбдірахманов халықаралық дипломатқа, халықаралық ұйымың басшысына айналды. Осы ұйымның жарғысына сәйкес, ол өз еліндегі бүкіл ұлттық лауазымдардан босатылып, тәуелсіз болуы, өз жұмысында объективті болуы керек. Қайрат Әбдірахманов шет елдердің дипломатиялық ортасында өте танымал тұлға. Өздеріңіз білетіндей, ол Қазақстанда Сыртқы істер министрі, Қазақстанның БҰҰ-дағы өкілі, сонымен бірге ЕҚЫҰ-ның өзінде де Қазақстанның өкілі болды. Біздің ел ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткенде, біздің астанада 2010 жылы ЕҚЫҰ саммиті болған тұста біздің өкілдікті басқарған еді», - деді Мұхтар Тілеуберді СІМ-нің баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, ЕҚЫҰ-ның басшылығын құрайтын төрт орынға да бәсеке жоғары болған. Әрбір лауазымға бірнеше үміткер ұсынылған.


Соңғы жаңалықтар