Қайраддин Баймаханов: Вируспен күресіп жүргендерге қол ұшын созып, қиындықты бірге еңсереміз

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Елімізде әскери міндеттілерді арнаулы жиынға шақыру туралы жарлық - дер кезінде қолға алынған оң шешім. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халқымыздың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғау бағытында нақты қадам жасады. Қызылорда облыстық «Ауған соғысы ардагерлері ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қайраддин Баймаханов ҚазАқпарат тілшісіне осылайша өз пікірін білдірді.

«Қазіргі таңда әлем жұртшылығы сын сәтті бастан кешіріп отыр. Жер-жаһанның әр қиырында коронавирус дертімен күрес жүргізілуде. Мұндай ауқымды шаралар біздің елімізде де атқарылуда. Сондай жауапты кезеңде ортақ жұмылып, бірлескен түрде көптеген игілікті істерге жол ашуымыз тиіс. Қашанда бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарғанымыз өте орынды. Осылайша қауіпті кеселмен күрес жүргізіп жатқан азаматтардың орасан зор қызметіне қол ұшын созып, қиындықты бірге еңсереміз. Алда жарқын істер жалғасады. Ол бейбіт күнде бірлік, татулық, ауызбірлік арқасында келеді. Сондықтан Қазақстанның әрбір азаматының бойында елжандылық қасиет болуы керек деп ойлаймын», - дейді Қ.Баймаханов.

Оның айтуынша, Қазақстан жұртшылығы қай кезде де қиындықты жеңіп, жарқын өмірге қол жеткізді. Сол себепті қауіпті халқымыз кеселмен күрес барысында да сондай оң нәтижеге қол созады.

«Бұл індетті жою жолында біздің алдымызда тұрған міндеттер немқұрайлық пен алаңсыздықты кешірмейді. Осындай жауапты кезеңнің салмағын түсіне отырып, оған бірге тосқауыл қойғанымыз орынды», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар