+7 (701) 759 90 19
USD 411.54 EUR 458.13
RUB 5.84 CNY 57.64
Jańalyqtar

Қай өңірде туу көрсеткіші жоғары

2020 жылғы 21 мамыр 15:48
Бөлісіңіз:
Қай өңірде туу көрсеткіші жоғары

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылы Қазақстан Республикасының Азаматтық хал-актілерін тіркеу органдары дүниеге келген 402 310 нәрестені тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінен мәлім еткендей, 402 310 шақалақтың 239 496-сы немесе 59,5% - қалаларда, 162 814-і немесе 40,5% ауылдық елді мекендерде туған.

Сондай-ақ дүниеге келгендердің 208 038-і немесе 51,7% - ұл, 194 272-сі немесе 48,3% - қыздар. Туған кездегі жыныстардың арақатынасы 100 қыз балаға шаққанда 107 ер баланы құраған.

Қазақстан өңірлері бойынша ең жоғары туу көрсеткіші Маңғыстау (1 мың тұрғынға шаққанда 29,72 сәби), Түркістан облыстарында (27,87) және Шымкент қаласында (27,89) тіркелді. Ең төменгі көрсеткіш – Солтүстік Қазақстан (12,46), Қостанай (13,15) және Павлодар (15,35) облыстарында.

Былтыр босанған әйелдердің орташа жасы 28,9 жасты (2009 жылы – 27,4) құрады. Қалалық мекендерде – 29,2 (2009 жылы – 27,6), ауылдық мекендерде – 28,5 (2009 жылы – 27,3) жас.

«Қазақстанның көпшілік өңірлерінде бала туу кезіндегі әйелдердің орташа жасы орташа республикалық деңгейден жоғары болды. Алматы қаласында 29,8 жасты, Нұр-Сұлтан қаласында 30 жасты құрады», - делінген ақпаратта.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT