Қай облыстар жұмыспен қамту агенттіктерінің қызметін жиі пайдаланады

None
None
НҰР-СҰЛТАН, ҚазАқпарат - Бірінші жартыжылдықта Қазақстандағы жұмыспен қамту қызметі 204,2 млрд теңгені құрады. 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында көрсетілген қызметтердің нақты көлем индексі – 125,8%, деп хабарлайды ҚазАқпарат ЕnergyРrom-ға сілтеме жасап.

Жалпы алғанда, 2018 жылы салалық қызметтердің көлемі рекордтық 344,4 млрд теңгені құрады (2017 жылы 236,7 млрд теңге болған).

«ҚР аймақтарының ішінде жұмыспен қамту агенттіктері мен ұйымдарының қызметін ең көп қолданатын Атырау облысы болып шықты. 204,2 млрд теңгенің 173,2 млрд теңгесі осы аймаққа тиесілі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 36,3% -ға көп. Екінші орында - Алматы: 11,8 млрд теңге, бір жылдық өсім - 3,2%. Көшбасшылардың алғашқы үштігін БҚО түйіндейді: 9,3 млрд теңге, бір жылдық өсім - 33,1%», - делінген сайтта.

Солтүстік Қазақстан (3,9 млн теңге) мен Түркістан облысы (10,2 млн теңге) жұмыспен қамту агенттіктері мен ұйымдары арқылы көп жұмыс іздей қоймайды.

Салалық қызмет көлемінің төрттен үш бөлігі – 156,7 млрд теңге персоналмен жұмыс істейтін ұйымдарға (ұлттық компаниялар құрған ұйымдардан басқа) тиесілі.

Қызмет көрсету көлемі бойынша екінші орында - жұмыспен қамту агенттіктері (46 млрд теңге), үшінші орында - уақытша жұмыспен қамту агенттіктері (1,1 млрд теңге) тұр. Ұлттық компаниялар құрған ұйымдардың үлесі - 425,7 млн теңге.


Соңғы жаңалықтар