Қауіпті вирус салғырттықты көтермейді - Махамбет Досмұхамбетов

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов тиісті органбасшыларын жинап, коронавирустың екінші толқынына қатысты сақтық шараларын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпаратына қарағанда, жиында аймақ басшысы

бұған дейінгі тәжірибені негізге ала отырып, шілдеден бері жұмыс істеп келе жатқан 114

мобильдік топтың жұмысын жандандыруды жүктеген.

«Біз үшін әр азаматтың қауіпсіздігі маңызды. Маска тағуға бейжай қарауға болмайды. Ара

қашықтықты сақтау, қаулының қағидаларымен жүру басты талап екенін ұмытпау керек.

Өйткені, қауіп әлі сейілген жоқ, бізге қазір босаңситын емес, керісінше қауіпсіздікті күшейтетін уақыт келді» - деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Мобильдік топтар халыққа да, кәсіпкерлерге де коронавирус инфекциясының қаупі туралы түсіндіруі керек. Ал шектеу талаптарын өрескел бұзатындар болса, тиісті жазаға тартылуы тиіс.

«Қазір пандемияның екінші толқынына дайындықты күшейттік. Алайда, тұрғындар мен

кәсіпкерлер арасында өңірдің бас санитарлық дәрігер бекіткен қаулы талаптарын бұзу

жайттары бар. Қауіпті вирус салғырттықты көтермейді. Сондықтан, әр азамат санитарлық

талапты толық сақтағанда ғана оның таралуын толық тоқтатып, қауіптен аман шыға аламыз», - деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Әкімнің айтуынша, өңірде 5 шілде-17 қазан аралығында арнайы құрылған 114 мобильдік

топ 3315 тексеріс жүргізіп, 477 карантин талаптарын бұзу дерегін анықтаған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Теңіз кенішінде 9 адам коронавиурс жұқтырғанын

хабарлап едік.


Соңғы жаңалықтар