Қатты аяз: ШҚО-да екінші ауысым оқушылары мектепке бармайды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының бірқатар ауданында екінші ауысымдағы оқушыларға мектепте сабақ болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 25 қаңтарда ауа температурасының төмендеуіне байланысты (-26) Өскемен қаласында екінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушыларына сабақ өткізілмейді.

«Сондай-ақ Жарма ауданында сынап бағанасы -32 градусты көрсеткендіктен 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ оқымайды. Ал Риддер қаласында ауа температурасы 30 градусқа дейін төмендеп, 0-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері сабақтан босатылды» деп хабарлады ведомство өкілдері.

Оқушылар мен студенттер бүгін үйден онлайн оқиды.

Естеріңізге сала кетсек, бүгін Шығыс Қазақстанның бірқатар ауданында бірінші ауысымдағы мектеп оқушылары үшін сабақ болмайтыны хабарланған.


Соңғы жаңалықтар