Қате есептелген салыққа қатысты мәліметті түзетуге болады - комитет

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар салық салу объектілері бойынша мәліметтерді түзете алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитеттің мәлімдеуінше, қате есептелген салық немесе меншігінде жоқ жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік бойынша салық міндеттемесін «Салық әмияны» қызметінің «Салық салу объектілері» бөлімінде түзетуге мүмкіндік бар.

«Мұнда сіз өзіңіздің атыңызда тіркелген салық салу объектілері (мүлік, жер, көлік құралдары) туралы мәліметті көре аласыз. Салық салу объектілері бойынша қате мәліметттің проблемасын шешу үшін деректерді түзету қызметі енгізілген. 2020 жылдың 7 қыркүйегінде көлік құралы салығы бойынша салық салу объектілерін түзету функциясы іске қосылды. 2020 жылдың 11 қыркүйегінде мүлік салығы бойынша салық салу объектілерін түзету функциясы іске қосылды», делінген хабарламада.

Электронды өтінімді «Салық әмияны» арқылы уәкілетті мемлекеттік органдарға (Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҰАО) нысандар туралы ақпаратты жаңарту үшін беруге болады.

«Жер салығы бойынша салық салу объектілері туралы деректерді түзету қызметі 2020 жылдың соңына дейін жүзеге асырылады», делінген хабарламада


Соңғы жаңалықтар