Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға сапарының бірінші күніне видеошолу

None
None
АНКАРА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына мемлекеттік сапарының бірінші күніне видеошолу жарияланды.

Сапардың алғашқы күні Қасым-Жомарт Тоқаев Ататүрік кесенесіне гүл шоғын қойды.

Аныт қабір кесенесін аралап көрген Мемлекет басшысы Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Президент сарайында салтанатты түрде ресми қарсы алу шарасы өтіп, екі ел президенттері шағын және кеңейтілген құрамда келсіссөз жүргізді.

Мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы қарым-қатынасты «кеңейтілген стратегиялық серіктестік» деңгейіне көтеру туралы шешім шешім қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді.

Соңғы жаңалықтар