+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстанға екі күндік жұмыс сапарының видеосы жарияланды

2021 жылғы 18 қыркүйек 15:05
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстанға екі күндік жұмыс сапарының видеосы жарияланды

ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстан астанасы Душанбеге екі күндік жұмыс сапарының толық видеосы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ерболат Досаев Президентке Ұлттық қор активтерінің жай-күйі туралы айтты Қасым-Жомарт Тоқаев Азия даму банкінің президенті Масацугу Асакаваны қабылдады Мемлекет басшысы Асқар Маминді қабылдады

Бейнешолуды Қазақстан Президент телерадиокешені Instagram парақшасында бөлісті.

Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбеде ҰҚШҰ мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының бірлескен отырысына қатысты.

Қазақстан Президентінің пікірінше, ҰҚШҰ мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер Ауғанстанның жаңа билігімен бейресми диалог құруға бастама жасағаны жөн.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы биыл ШЫҰ үшін ерекше жыл екенін және осыдан жиырма жыл бұрын тарихи қадам жасалғанын, яғни ШЫҰ-ны құру туралы декларация қабылданғанын атап өтті.

Қазақстан Президенті ХХІ ғасырдың басында негізі қаланған Шанхай ынтымақтастық ұйымының еуразиялық кеңістіктегі халықтардың қауіпсіздігі мен өсіп-өркендеу жолындағы тиімді ынтымақтастыққа деген ұжымдық ерік-жігерін бүкіл әлемге танытқанын айтты.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT