Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жусан» операциясы қауіпсіздік қызметкерлерінің кәсібилігін көрсетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар тапсыру рәсімінде «Жусан» арнайы операциясы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Армия мен күш құрылымдары елдің егемендігі мен ұлттық қауіпсіздіктің басты кепілі болып табылады. Әлемдегі жаһандық катаклизмдер мен геостратегиялық құбылмалы жағдайда әскери қызметшілердің рөлі бірнеше есе артады. Сіздер Тәуелсіздігімізді қорғау ісінде бекем тұрсыздар. Сіздердің күш-жігерлеріңіздің арқасында Қазақстан өңірлік және халықаралық тұрақтылықтың доноры ретінде танылды. Біздің әскери қызметшілеріміз Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік миссиясы шеңберінде қойылған міндеттерді табысты орындайды. «Жусан» арнайы операциясының мінсіз өтуі ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің жоғары кәсібилігі көрсетті», - деген Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарындағы реформаларға тоқталды.

«Полиция мен прокуратура қызметі біртіндеп жетілдіріліп келеді. Менің тапсырмам бойынша құқық қорғау жүйесін реформалау басталды. Оның тиімді іске асырылуы билік институттарына деген сенім деңгейін едәуір арттырып, қоғамдағы құқықтық тәртіп пен әлеуметтік әділеттілікті нығайтуды қамтамасыз етеді. Елдің қорғаныс қабілетін күшейту үшін мемлекет Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігі мен жарақтандырылуына жіті назар аударып отыр. Әскерлерге жүйелі негізде қару-жарақ пен әскери техниканың ең заманауи үлгілері келіп түсіп жатыр. Әскери қызметшілердің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысы мен әлеуметтік қорғалу деңгейі кезең-кезеңімен артып келеді», - деді Президент.


Соңғы жаңалықтар