Қасым-Жомарт Тоқаев ЖОО оқытушыларының жалақысын көбейтуді тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке ЖОО оқытушыларының еңбекақысын көбейтуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда көпшілік оқытушылардың еңбегі қаншалықты маңызды екенін түсінді деп ойлаймынг. Біз «Педагогтар мәртебесі» туралы заң аясында мұғалімдерді ынталандыру шараларын қарастырдық. Бірақ іс жүзінде ЖОО оқытушыларының жалақысы мектеп мұғалімдерінің жалақысынан аз болып қалды. Осыған орай, Үкімет ЖОО оқытушыларының еңбекақысын көбейту мәселесін қарастыруы керек», - деді Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.


Соңғы жаңалықтар