Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа құрамдағы Мәжіліс депутаттарына табыс тіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 7-ші шақырылған Парламенттің 1-ші сессиясын ашқан ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа құрамдағы Мәжіліс депутаттарына табыс тіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Құрметті депутаттар! Баршаңызды сайлаудың аяқталуымен құттықтаймын және жаңа құрамдағы Мәжіліс депутаттарына табыс тілеймін. Өткен шақырылымның депутаттарына ойдағыдай қызмет атқарғаны үшін ризашылығымды білдіремін», - деді Мемлекет басшысы.
ҚР Президентінің дерегінше, 5 жылға жуық уақытта Парламент қабырғасында 410 заң қабылданды. Депутаттар өздерінің заңға бастамашылық ету құқығын толық пайдаланып, 60-қа жуық заң жобасын дайындады.
«Бұл осыған дейінгі 5-ші шақырылым депутаттарының бастамаларын қоса алғаннан да көп. Жаңа депутаттар алдыңғы әріптестерінің осы қарқынын сақтай отырып, анағұрлым қарқынды жұмыс істеуі қажет. Себебі бәрімізді зор міндеттер мен ауқымды істер күтіп отыр», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
- Президент Экономикалық ынтымақтастық ұйымының тиімділігін арттыру бойынша бірқатар ұсыныс жасады
- Қазақстан туристік саланың үлесін ЖІӨ-нің 8 пайызына дейін жеткізбек – Президент
- Президент ЭЫҰ-ға мүше-мемлекеттерін Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына қосылуға шақырды
- Қасым-Жомарт Тоқаев Экономикалық ынтымақтастық ұйымының аясындағы болашағы бар жобаларды атады
-
ҚР Президенті Экономикалық ынтымақтастық ұйымының 14-саммитіне қатысты
-
Нығматулин: Партияаралық Кеңес заң шығару жұмысының сапасын арттыруға ықпал етеді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам