Қасым-Жомарт Тоқаев: Владимир Шепель өмірін халық игілігі жолында қызмет етуге арнады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Владимир Шепельдің дүниеден озуына байланысты оның туыстары мен жақындарына көңіл айтып, жеделхат жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Владимир Шепель үлкен кәсіби жолдан өтіп, жауапты қызмет атқарған жылдары лайықты құрметке ие болды. Ол өз өмірін Қазақстан халқының игілігі жолында қызмет етуге арнады. Оның еңбегі мемлекеттік наградалармен және медальдармен өз бағасын алды. Владимир Николаевичтің есімі туыстары мен жақындарының, әріптестері мен достарының жүрегінде мәңгі сақталады» делінген көңіл айту жеделхатында.


Фото: 24.kz


Соңғы жаңалықтар