Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлттық кеңеске белгілі қоғам қайраткерлері келді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұлттық кеңеске белгілі қоғам қайраткерлері келді. Бұл туралы өзінің Twitter-дегі парақшасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомар Тоқаев жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің жұмысына жұртшылықты кеңінен тарту мақсатында кеңес мүшелері алмастырылды. Ұлттық кеңеске белгілі қоғам қайраткерлері келді. Кеңестің бұрынғы мүшелеріне белсенді жұмыстары үшін ризашылығымды білдіремін»,-деп жазды Президент.

Осыған дейін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына ротация жасалғандығы туралы хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар