+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев: Украинамен бізді дәстүрлі достық пен ынтымақтастық байланыстырады

2019 жылғы 6 желтоқсан 02:12
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев: Украинамен бізді дәстүрлі достық пен ынтымақтастық байланыстырады

БЕРЛИН. ҚазАқпарат – Қазақстан мен Украинаны дәстүрлі достық және ынтымақтастық байланыстырады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ГФР Канцлері Ангела Меркельмен кездесу қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында осылай мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның жаңа сайланған премьер-министрін Қазақстанға шақырды Жаңадан құрылған агенттік басшысы Президентті алдағы жұмыс жоспарымен таныстырды ҚР Президенті жанынан Реформалар жөніндегі жоғары кеңес құрылды

«Тұңғыш Президентіміз Украина мәселесін Қазақстан аумағында реттеуге қатысты өзінің ізгі ойын білдірді . Дегенмен біз Украина мәселесі, ең алдымен, Норманд форматында шешілуі тиіс деп ойлаймыз «, - деді Мемлекет басшысы ресейлік-украиндық саммитті ұйымдастыруға арағайындық жасау мүмкіндігі туралы сұраққа жауап бере отырып.

Германия, Ресей, Украина, Францияның мемлекет басшыларының Украина шығысындағы жағдайды реттеу жөніндегі кездесуі Парижде 9 желтоқсанда өтеді.

« 9 желтоқсан күні Парижде өтетін Норманд форматындағы кездесуге табыс тілейміз. Қазақстан мен Украинаның арасында дәстүрлі достық пен ынтымақтастықтың берік тіні бұрыннан қалыптасқан. Украина халқы бейбіт те берекелі өмір сүруге лайық деп есептейміз» , - деді Қазақстан Президенті.

Авторы Тимур Дүйсекеев

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Жәнібек Амангелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT