+7 (701) 759 90 19
USD 430.69 EUR 518.42
RUB 5.66 CNY 66.17
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады

2021 жылғы 5 наурыз 12:38
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Кугар» әскери тікұшағының апатқа ұшырап, бірнеше адамның қаза болуына байланысты Түркия Президенті Реджеп Тайип Ердоғанға Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айту жеделхатын жолдады.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан Президентін бірқатар мемлекет басшылары Рамазан айының басталуымен құттықтады Түркістанды дамыту арқылы түркі әлемінің ынтымағын нығайтамыз - Йалчын Топчу Қасым-Жомарт Тоқаев: Қоғамды жемқорлықпен күресуге кеңінен тарту қажет

Бұл туралы ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

«Түркияның шығысындағы Бингёль аймағында апатқа ұшыраған «Кугар» әскери тікұшағында құрбан болған және зардап шеккендер туралы ақпаратты терең күйзеліспен қабыл алдым. Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге, сондай-ақ, бауырлас түрік халқына қайғыра көңіл айтамын. Алла тағаладан қаза болғандардың жандары жәннатта болуын, жараланғандардың тез арада сауығып кетуін тілеймін», – деп жазылған жеделхатта.

Осыған дейін Түркияның шығысында тікүшақ апатқа ұшырағанын хабарлаған болатынбыз.

Кейінірек ұшақ апаты салдарынан 11 адамның құрбан болғаны хабарланды.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT