Қасым-Жомарт Тоқаев Surbana Jurong тобының бас директоры Вонг Хеанг Файнды қабылдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев Surbana Jurong тобының бас директоры Вонг Хеанг Файнды қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысының сингапурлық Surbana Jurong компаниясының бас директоры Вонг Хеанг Файнмен кездесуінде Алматы агломерациясын дамытуға қатысты инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың перспективалары талқыланды.

Президентке компанияның Алматы облысындағы «G4 City» деп аталатын жаңа төрт қаланың құрылысын отандық инвесторлармен серіктесе отырып жүргізу жөніндегі жоспары таныстырылды.

Қазіргі уақытта «G4 City» құрылысының жобасын іске асыру жөніндегі жол картасы мен Мастер-жоспар әзірленген.

Бұл Жол картасы қала құрылысының құжаттарын дайындау, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым, қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру мәселелерін қамтиды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурмен инвестициялық ынтымақтастықты нығайтудың стратегиялық маңызына тоқталып, аталған жоба бойынша шетелдік серіктестерге мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетіні туралы айтты.


Соңғы жаңалықтар