Қасым-Жомарт Тоқаев суды пайдалану саласындағы жұмыстардың нашар жүргізіліп жатқанын сынға алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысында суды пайдалану саласындағы ведомствоаралық үйлестіру жұмыстарының нашар жүргізіліп жатқанын сынға алды.

«Премьер-Министрдің бірінші орынбасары жанынан 2015 жылы құрылған Су кеңесінің отырысы бір-ақ рет өткен. Алайда бұл кеңес пікір алмасатын мәжіліс органы ғана емес, өзінің тиімділігін көрсетіп, шешім қабылдауы керек. Қазіргі мәселелерге баса мән беру сектордағы жағдайды қалпына келтіру үшін жүйелі шаралар қабылдауға мүмкіндік бермей отыр. Трансшекаралық өзендерде су бөлу мәселесі бойынша Қазақстанның келіссөз жүргізудегі ұстанымы әлсіз болуы осыған байланысты. Ішкі су саясаты мықты болмаса, көрші елдермен тиісті су дипломатиясын құру мүмкін емес» , – деді Президент.


Соңғы жаңалықтар