+7 (701) 759 90 19
USD 385.76 EUR 427.89
RUB 6.04 CNY 54.79
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев: Швейцария - Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі

2019 жылғы 22 қараша 13:36
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев: Швейцария - Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Президенті Ули Маурермен шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Екіжақты келіссөздердің алдында «Ақорда» резиденциясында Швейцария Президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалғаннан кейін Құрметті қарауыл ротасының бастығы рапорт берді. Мемлекеттер басшылары Құрметті қарауылды аралап өтіп, шағын құрамда келіссөз жүргізу үшін резиденцияның «Шығыс залына» барды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияны Қазақстанның Еуропадағы ең маңызды әріптестерінің бірі санайтынын айтты.

«Мемлекеттеріміз арасында барлық сала бойынша, әсіресе экономика бағытында тату ынтымақтастық орнаған. Швейцария Қазақстан экономикасындағы маңызды инвесторлардың және негізгі сауда серіктестерінің бірі», – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Швейцария Президентімен бірге бизнес-делегация өкілдігінің де келуі осы сапардың маңызын арттыра түсетінін атап айтты.

Ули Маурер Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлық көрсеткені үшін ризашылық білдіріп, Қазақстанды өз елінің аса маңызды серіктесі ретінде қарастыратынын жеткізді.

«Біз саяси қолдау көрсеткендеріңіз үшін шын жүректен ризашылық білдіреміз. Біздің мақсат-мұраттарымыз ортақ. Ал экономикалық байланыстарымызға келер болсақ, соңғы жылдары бұл саланың даму қарқыны артып келеді. Біздің өзара сапар алмасуымыз қарым-қатынастарымызды одан әрі нығайтуға септігін тигізеді деп ойлаймын», – деді Швейцария Президенті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT