Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария инвестициясының көлемін атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Соңғы 15 жылда Швейцария Қазақстан экономикасына 24 млрд доллар инвестиция құйды. Бұл туралы бүгін Ақордада Швейцария Конфедерациясының басшысы Ули Маурермен келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Келісссөздер барысында швейцариялық тарапқа Орталық Азиядағы трансшекаралық суды пайдалану және су дипломатиясы саласындағы көмегі үшін ризашылығымды білдірдім. Осыған орай, серіктестерімізге БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру тұрғысында Қазақстанның гуманитарлық саладағы ұқсас бастамаларын ескере отырып, осы саладағы күш-жігерімізді үйлестіру перспективасын қарастыруды ұсындым», - деді ҚР Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Маурермен Қазақстан-Швейцария серіктестігінің басты құрылымында экономика негізгі құрамдас болып саналатындығы туралы ортақ пікірге келгендіктерін атап өтті.

«Қазақстанда және әлемде Швейцарияны қуатты инновациялық өндірісі мен дамыған ауыл шаруашылығы бар, әлемнің ең басты қаржы және банк орталықтарының бірі ретінде біледі. Өз кезегінде Қазақстан экономикалық дамудың тұрақты өсімімен және өңірдегі үздік инвестициялық ахуалымен ерекшеленеді. Қазақстан Doing Business рейтингінде 25-орынға тұрақтады»,- деп тоқталды Қ. Тоқаев.

Мемлекет басшысы швейцариялық бизнес қазақстандық нарықта ашылған мүмкіндіктерге лайықты баға беріп отырғандығына да тоқталды.

«Бүгіннің өзінде Швейцария Конфедерациясы біздің экономикамызда инвестиция көлемі бойынша үшінші орында тұр және Қазақстанның ірі сауда серіктестерінің ондығына кіреді. Соңғы 15 жылда швейцариялық инвестиция көлемі 24 млрд доллардан асып жығылды», - деді ҚР Президенті.

Соңғы жаңалықтар