Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Ресей Президенттері XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумына онлайн форматта қатысады, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында.

«Бүгін Көкшетауда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путиннің қатысуымен екі елдің XVII Өңіраралық ынтымақтастық форумы онлайн форматта өтеді.

Аталған форум Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 13:00-де «Хабар 24» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі» делінген хабарламада.



Соңғы жаңалықтар