Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Туск «АЛЖИР» кешеніндегі ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық кеңестің Төрағасы Дональд Туск «АЛЖИР» мемориалды-музей кешеніне барды, деп хабарлйды Ақорда.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық кеңестің Төрағасы Дональд Туск қасірет қақпасының алдында бас иіп, саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына тағзым етті.

Қазақстан Президенті мен Еуропалық кеңес басшысы «АЛЖИР» мемориалды-музей кешеніндегі ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойып, саяси құрбандардың өмірі жайлы мәліметтер жинақталған кешен музейін аралап көрді.

31-мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде 1997 жылдан бері аталып келеді.
null null null

Соңғы жаңалықтар