Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысуда

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат – Мәскеуде Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығына орай әскери парад өтіп жатыр. Бұл шараға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызыл алаңда әскери шеруге жиналғандардың алдында Ресейдің Жоғарғы бас қолбасшысы әрі Президенті Владимир Путин сөз сөйледі.

«Әлемдегі бейбітшілікті сақтап қалғандарға құрмет көрсету үшін Мәскеуге әртүрлі елден келген достарымызды құрметпен қарсы алғанымыз үшін қуаныштымыз. 1944 жылдың маусымында басталған екінші майданның маңызын, жеңісті жақындатуға үлес қосқан одақтастарымыздың үлесін ешқашан ұмытпаймыз. Антигитлерлік коалиция мемлекеттерінің қарулы күштеріндегі жауынгерлерге, Еуропа елдерінде үрейсіз әрекет еткен күрескерлерге құрмет көрсетеміз», - деді В. Путин.

Ол өз сөзінде бүгінгі күні әртүрлі елдегі соғыс ардагерлері тұтас халықтарды өлімнен құтқарып қалғанын айтып өтті.

«Сол ерлік ұмытылмас үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Бұл - біздің ар-ожданымыздың алдындағы парызымыз», - деді ол.

Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Мәскеуге жұмыс сапарымен барған болатын.


Соңғы жаңалықтар