Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға сапарында Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдырына араша түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға мемлекеттік сапары барысында осы ел түрмесінде жатқан отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбайдың мәселесін көтерді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Президентінің көмекшісі Мұрат Нұртілеуов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз жол жүргелі отырғанда Қасым-Жомарт Кемелұлының атына 2014 жылы Гуанчжоу әуежайында Қытай құқыққорғау органдары ұстаған отандасымыз Ақжарқын Тұрлыбайдың анасынан өтініш түскен болатын. Оның мәтіні БАҚ-та жарияланды. Осыған орай Мемлекет басшысы Бейжіңдегі кездесулерде қытай тарапына жеке өзінің өтінішін жеткізді. Бұл мәселе жан-жақты талқыланды», - деді Мұрат Нұртілеуов. Оның атап өтуінше, өтініш нәтижесі бойынша Сыртқы істер министрлігі арқылы осы жұмысты жалғастыру уағдаластығына қол жеткізілді. «Мемлекет басшысы өз тарапынан бұл мәселеге үлкен көңіл бөліп отыр. Сондықтан сапар нәтижесі бойынша берілетін тапсырмалар тізіміне отандасымыздың тағдырына қатысты мәселе арнайы тармақ ретін енгізіледі», - деді Президент көмекшісі.


Соңғы жаңалықтар