+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев «KazRost Engineering Ltd.» компаниясына барды

2021 жылғы 27 шілде 14:15
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев «KazRost Engineering Ltd.» компаниясына барды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президентінің Ақмола облысына жұмыс сапары ресейлік «Ростсельмаш» компаниясымен арадағы ынтымақтастық аясында VECTOR410KZ және ACROS астық жинау комбайндарын құрастыратын «KazRost Engineering Ltd.» кәсіпорнының жұмысымен танысудан басталды.

Ұқсас жаңалықтар
Экономика қалпына келгенімен, бағаны тежеу – басты міндет Қазақстан экономикасындағы оң динамиканы сақтайтын 5 негізгі қадам қандай Ұлттық экономика көрсеткіштері пандемияға дейінгі деңгейге жетті – Асқар Мамин

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы техникалары мен тракторлар құрастыратын цехты аралап көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Компания директоры Қайрат Қалманбаевтың айтуынша, былтыр 29,5 миллиард теңгеге 504 комбайн шығарылған. Биыл жыл соңына дейін 598 комбайн және YTO маркалы 300 дөңгелекті трактордың төрт түрін шығару жоспарланып отыр. Қазіргі таңда кәсіпорында 162 адам еңбек етеді.

Мемлекет басшысы компанияның шығарып жатқан өнімі Қазақстанның солтүстік өңіріндегі тың жерлер үшін маңызды екенін атап өтті.

– Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау біз үшін басым бағыт саналады. Үкімет ауыл шаруашылығы мәселелерімен айналысуы қажет. Әлемде не болып жатқанын көріп отырсыздар. Азық-түліктің бағасы 40 пайызға қымбаттады. Біз еліміздегі бағаны ұстап тұруға тырысамыз. Бірақ бұл оңай емес. Аталған мәселелерді шешеміз. Әрине, Қазақстан ауыл шаруашылығы дамыған ел болуы тиіс. Біз іс жүзінде өзімізді ауыл шаруашылығы өнімдерімен толық қамтамасыз етуге көшуіміз керек. Қазір ірі компаниялармен және инвесторлармен жұмыс істеп жатырмыз, – деді Президент.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT