+7 (701) 759 90 19
USD 439.01 EUR 474.61
RUB 5.75 CNY 61.91
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

2019 жылғы 13 желтоқсан 12:06
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын тапсыру рәсімінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы: Карантин режимін қатаң сақтау – баршамызға ортақ міндет Коронавирус: ҚР Президенті елордада Шұғыл әрекет ету орталығына барды Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

«Ең алдымен, баршаңызды келе жатқан қасиетті Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – егемен еліміздің мәртебесін арттырған ұлы мейрам. Біз үшін Тәуелсіздіктен асқан құндылық жоқ. Оны бағалай білу бүгінгі және өскелең ұрпақтың міндеті. Осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың теңдессіз рөлін ешқашан ұмытпауымыз керек. Тұңғыш Президентіміз, мемлекетіміздің негізін қалаушы, тарихи және әлемдік деңгейдегі тұлға», - деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті Тәуелсіздікті нығайтудың негізгі жолы экономиканы күшейтіп, өндіріс көлемін арттыру екендігін баса айтты.

«Сонда ғана жарқын болашаққа жол ашамыз. Мемлекет елімізді дамытуға атсалысқан бизнес өкілдерінің еңбегін елеусіз қалдырмайды. Бұл ретте Тұңғыш Президентіміздің бастамасымен индустрияландыру күнін атап өту жақсы дәстүрге айналғанын білесіздер. Елбасы индустриалдық-инновациялық даму жолын отандық экономиканың негізгі бағыты ретінде айқындады. Ел экономикасы артқан сайын мемлекетіміздің іргесі де берік болары сөзсіз. Осыған орай көптеген ауқымды жұмыстар атқарылып отыр. Маңызды жобалар қолға алынды. Мұның бәрі Қазақстанды дамыған озық 30 елдің қатарына қосу үшін жасалып отыр», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT