Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірінің шақыруымен Доха қаласына барды
03:38, 21 Маусым 2022
ДОХА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірінің жеке шақыруымен Доха қаласына жұмыс сапарымен келді. Бұл жайында Президенттің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ертең Қазақстан Президенті Қатар экономикалық форумына қатысады, сондай-ақ Әмір Тамим бен Хамад Әл Тәнимен кездесу өткізеді.