+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев Израильдің жаңадан сайланған Премьер-Министрін құттықтады

2021 жылғы 14 маусым 18:45
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев Израильдің жаңадан сайланған Премьер-Министрін құттықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израильдің жаңадан сайланған Премьер-Министрі Нафтали Беннетке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Ұқсас жаңалықтар
Президентке жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы есеп берілді Қазақстан Президенті Аризона университетінің делегациясын қабылдады Президент ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Нафтали Беннеттің Израиль Мемлекетінің Премьер-Министрі болып сайлануына байланысты Қазақстан халқының және жеке өз атынан құттықтау жеделхатын жолдады.
«Қазіргі уақытта Израиль әлемдік деңгейде экономикасы қарқынды дамыған, үздік инновациялық технологиясы арқылы халқының әл-ауқатын арттырған халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі ретінде танылды. Осы ретте еліңіздің жетістіктері мен мерейін әрі қарай еселеуге бағытталған Сіздің бастамаларыңыз бен жоспарларыңыздың толық та табысты жүзеге асуына тілектеспін» делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Израиль арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени салалардағы өзара тиімді байланыстарды дәстүрлі достық пен өзара сенім рухында нығайтуды ортақ мақсат деп санайды.

Сондай-ақ осы игілікті жолда күш-жігер жұмылдыруға дайын екенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нафтали Беннеттің жауапты қызметіне мол табыс пен сәттілік, ал достас Израиль халқына бақ-береке тіледі.



Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT