Қасым-Жомарт Тоқаев инвестицияға жауапты ведомствоға тапсырма берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекеттер арасында шетел инвестициясына талас күшейді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Экономикалық дипломатияны қайта жандыру мәселесіне тоқталған Президент: «Әлемдік саясатта климат пен технология мәселелері айрықша өзекті. Пандемиядан кейін экономиканы қалпына келтіру үшін мемлекеттер арасында шетел инвестициясына талас күшейді. Сыртқы істер министрлігі – инвестиция тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыратын уәкілетті орган. Біз министрлікке осындай ерекше мәртебе бердік. Сондықтан, бұл мүмкіндікті толыққанды пайдалану қажет», - деді.

Осы орайда Мемлекет басшысы Қазақстан экспортын ілгерілетуге барынша қолғабыс ету тағы бір маңызды міндет екенін атап өтті.

«Еліміз Шығыс пен Батысты, Солтүстік пен Оңтүстікті жалғайтын күре жолдардың бойындағы транзиттік-логистикалық хабқа айналуға тиіс. «Нұрлы Жол» бағдарламасы және көрші елдердің инфрақұрылымдық бастамалары осыған негіз болады. Бұл жұмыста министрлікке айрықша міндет жүктеледі», - деді Қ. Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар