Қасым-Жомарт Тоқаев Иерусалим қаласының мәртебесі туралы ИЫҰ саммитіне қатысады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иерусалим қаласының мәртебесі туралы ИЫҰ саммитіне Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады. Бұл туралы Жоғарғы Палатаның баспасөз қызметі хабарлады.

«Таяу Шығыстағы ахуалдың ушығуына байланысты Түркия Республикасының Президенті, ИЫҰ Төрағасы Реджеп Ердоғанның бастамасымен шақырылған Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының төтенше саммитіне Мемлекет басшысының тапсырмасымен Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады» делінген хабарламада.

Саммит 13 желтоқсанда Ыстанбұлда өтеді. Саммиттің күн тәртібіне «Иерусалим қаласының мәртебесі туралы» мәселе қойылған.

ИЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов қатысады.

Соңғы жаңалықтар