+7 (701) 759 90 19
USD 378.60 EUR 417.75
RUB 6.13 CNY 54.58
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның бұрынғы Федералдық Президентімен кездесті

2019 жылғы 6 желтоқсан 18:40
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның бұрынғы Федералдық Президентімен кездесті

БЕРЛИН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның бұрынғы Федералдық Президенті Хорст Кёлермен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесін көтерді Мемлекет басшысы Тұрсынбек Қабатовтың бастамасын қолдады Мемлекет басшысы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады

Кездесу барысында тараптар келер жылы Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Дүниежүзілік сауда ұйымы министрлерінің конференциясына дайындық барысын, Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» жобасы аясындағы ықпалдастық шараларын, сондай-ақ, әлемдегі саяси ахуалды талқылады.

Мемлекет басшысы Қазақстанда қолға алынған жаңа стратегиялық бағдарламалар жайында және өзінің Сайлауалды тұғырнамасында айтылған сабақтастық, әділдік, өрлеу қағидаттарының іске асырылуы туралы айтты.

Хорст Кёлер сабақтастық дәстүрі ел дамуына тың серпін беретінін және Қазақстанды Еуразиядағы тұрақтылық орнаған аумақ санайтынын айтты.

«Германия Федеративтік Республикасының бұрынғы Президенті Хорст Кёлермен кездестім. Қазақ-неміс байланыстарын нығайту мүмкіндіктерін талқыладық. 2020 жылы Нұр-Сұлтанда өтетін ДСҰ Министрлік конференциясының маңыздылығын атап өттік. Еуразия құрлығындағы ахуал жөнінде пікір алмастық», деп жазды Прездент Twitter-дегі парақшасында.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT