+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның бизнес өкілдерімен кездесті

2019 жылғы 6 желтоқсан 01:00
Бөлісіңіз:
Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның бизнес өкілдерімен кездесті

БЕРЛИН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Берлинге сапары барысында неміс бизнесінің бірқатар өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Бүгін кешке Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас ассамблеясында бейнеүндеу жасайды Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясына қатысады Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның жаңа сайланған премьер-министрін Қазақстанға шақырды

«CLAAS Group» компаниясы Бақылау кеңесінің төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзермен кездесу барысында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. «CLAAS Group» компаниясы біздің елімізге «CT Agro» дистрибьюторлық желісі арқылы ауыл шаруашылығы техникаларын әкеліп, сервистік қызмет көрсетумен айналысады.

– Біздің негізгі стратегиямыз – елімізге тартылатын инвестицияларды әртараптандыру. Инвестиция тұрғысынан Германияның негізгі стратегиялық серіктесі болғымыз келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Катрина Клаас-Мюльхойзер Қазақстанның ірі компаниялармен ғана емес, сондай-ақ, орта деңгейдегі компаниялармен де ынтымақтастық орнатуға ниетті екеніне ризашылық білдірді.

«Linde AG» компаниясының атқарушы вице-президенті Кристиан Брухпен кездесу барысында кәсіпорынның Қазақстанда жүзеге асырып жатқан инвестициялық жобалары мен алдағы жоспарлары туралы сөз болды.

– Канцлер Ангела Меркельмен және Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен жүргізілген бүгінгі келіссөздер жоғары деңгейде өтті. Осы келіссөздер екіжақты ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беретініне сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы.

Кристиан Брух өз компаниясының 2013 жылы «Арселор Миттал Теміртау» АҚ базасында техникалық газ өндіру жобасын іске асырғанын атап өтіп, оған 95 миллион еуро көлемінде инвестиция салғанына тоқталды.

«Германияның ірі компанияларының басшыларымен кездестім. Оларды Қазақстандағы жобаларға белсене қатысуға шақырдым. Бұл ел экономикасын әртараптандырып, өндіріс орындарын ашуға және озық неміс технологиясын енгізуге зор мүмкіндік бермек», - деп жазды ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.

– Бүгінде «Linde AG» компаниясы жобаның екінші кезеңін қолға алды. Жаңа жобаға шамамен 80 миллион еуро инвестиция салуға ниеттіміз, – деді Кристиан Брух.

Сонымен қатар германиялық компания «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында газ өңдеу зауытын салу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатқанын айтты.

Қазақстан Президенті «Schaeffler Group» компаниясының Бас директоры Клаус Розенфельдпен кездесу кезінде өзара ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады. Автомобиль жасау, өнеркәсіп және ғарыш салалары бойынша қосалқы бөлшектер шығаратын кәсіпорын басшысы Клаус Розенфельд Қасым-Жомарт Тоқаевқа өндірістік және инвестициялық мүмкіндіктері туралы мәлімет берді.

«Siemens Healthineers» компаниясының Бас директоры Бернд Монтаг Мемлекет басшысына мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде салынатын онкологиялық орталықтың жобасын ұсынды. Кәсіпорын басшысы еліміздің өндірістік әлеуетін арттыруға септігін тигізетін ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға ниетті екенін айтты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT