Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен келді

None
None
БЕРЛИН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияға ресми сапармен келді.Бұл туралы ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында жазды.

Бүгін Қазақстан Президенті Канцлер Ангела Меркельмен келіссөздер өткізеді. Мемлекеттер басшылары екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен даму перспективаларын талқылайды. Қасым-Жомарт Тоқаев сапар барысында Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен және ГФР-дің белгілі саясаткерлерімен кездеседі.

Мемлекет басшысы 6 желтоқсан күні Берлин Еуразиялық Клубының 28-отырысына қатысып, сөз сөйлейді. Сондай-ақ бірқатар неміс компанияларының басшыларымен кездесу өткізеді.

Еске салсақ, 5-6 желтоқсанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасына ресми сапармен баратындығы туралы хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар