Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл жөнінде Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонға Қазақстан Тәуелсіздігінің 28 жылдығымен құттықтағаны үшін ризашылығын білдірді.

Әңгіме барысында Қазақстан мен Тәжікстан Президенттері барлық сала бойынша екіжақты қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өтті. Мемлекет басшысы екі елдің халықаралық аренада сындарлы ықпалдастық орнатқанын айтты.

Мемлекеттер басшылары өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылай отырып, 2020 жылы Қазақстан астанасында кездесуге уағдаласты.

Соңғы жаңалықтар