Қасым-Жомарт Тоқаев: ЕАЭО аясында сауда-логистикалық жүйе және көтерме-тарату орталықтарын құру қажет

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуразиялық экономикалық одақ аясында сауда-логистикалық жүйе және көтерме-тарату орталықтарын құру қажет. Бұл туралы Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Өзбекстанмен бірлесіп, Орталық Азияның сауда-экономикалық ынтымақтастығы халықаралық орталығын құру бойынша бірлескен жобаны жүзеге асыруға іс жүзінде кірісті. Аталған орталық Батыс Еуропа – Батыс Қытай стратегиялық автомагистралінің бойында орналасатын болады. Ол өзара сауда, транзит өсімін қамтамасыз етіп, тауар ағынын ақтауға көмектеседі және өнім қауіпсіздігін қамтамасыз етеді», - деді Қазақстан Президенті.

Осы ретте Мемлекет басшысы одақтың басқа да елдеріне осындай бірлескен инфрақұрылымды бірігіп дамытуды ұсынды.

«Сонымен қатар одақ аясында сауда-логистикалық жүйе және көтерме-тарату орталықтарын құру да үлкен маңызға ие болып келеді. Мұндай жүйе елдеріміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, агроөнеркәсіп секторы әлеуетін қолдайды, шығындарды және соған орай негізгі азық-түліктің бағасын төмендетеді»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар