Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау ұйымдарына ревизия жүргізуді тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет өңір әкімдерімен бірге денсаулық сақтау ұйымдарына түгендеу жүргізеді. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Денсаулық сақтау жүйесін дамыту. Ол пандемия кезінде беріктіктің қатаң сынағынан өтті. Саланың барлық жүйелі проблемасы шықты. Бұған қоса, өзге медициналық қызметтер зардап шекті. Бұл бірден халықтың денсаулығына әсерін тигізді», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті өткен жылы 156 ана өмірден озғанына назар аудартты.

«Өткен жылы 156 анадан айырылып қалдық, өлім-жітім өсімі – 2,8 есе. Бұл статистиканың құрғақ цифрлары емес. Бұл 156 отбасы үшін орны толмас ауыр қаза. Ана өлім-жітімі жоғары болуы себептерінің ішінде перзентханалардың әлсіз жабдықталуы жылдан жылға байқалады. Реанимациялық бөлімдердің де жабдықталуы қанағаттанарлық емес. Ауыр науқастарды емдеу үшін құрал-жабдықтар мен қажетті материалдар жоқ. Үкіметке өңір әкімдерімен бірлесіп, кәсіби қауымдастықтарды отырып, барлық денсаулық сақтау ұйымдарына түгендеу жүргізуді тапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар