Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру процесінің басым бағытын атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Оқу сауаттылығын дамыту қазақстандық мектептердегі білім беру процесінің басым бағыттарының біріне айналуы тиіс. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 4-отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биыл білім беру жүйесі теңдессіз қиындықтарға тап болды. Пандемия мектептеріміздегі орын алған проблемалалар мен цифрлық инфрақұрылымдық дамытудағы, сонымен қатар оқушыларды компьютермен қамтудағы теңгерімсіздікті көрсетіп берді. Бұл мәселелер рет-ретімен шешіліп жатыр. Мемлекет мектептерімізді сапалы білім беру процесімен қамтамаcыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Бұл орайда сіздердің назарларыңызды мектеп білімінің мазмұндық жағына назар аудартқым келеді. Беделді халықаралық зерттеулердің нәтижесі оқушыларымыздың оқу сауаттылық дағдысының дамуы лайықты деңгейде емес екендігін көрсетті», - деді Мемлекет басшысы.

Сондықтан да ҚР Президентінің айтуынша, оқудың жоғары мәдениетін сіңіру, оқу сауаттылығын дамыту қазақстандық мектептердегі білім беру процесінің басым бағыттарының біріне айналуы тиіс.

«Оқуға қызығушылық, кітап арқылы қоршаған әлемді тану балалардың бойында мектеп қабырғасынан қалыптасуы тиіс. Ал кітапханалар осынау қызығушылықтың түйін орнына, кітаптың тартымды әлеміне жол бастауы болуы тиіс»,- деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар