Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл мен қала медицинасындағы алшақтыққа алаңдаушылық танытты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Үкімет ауылдық денсаулық сақтаудың тиімді моделін құру бойынша шаралардың орындалуын қатаң бақылауға алуы тиіс. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қордаланып қалған тағы бір проблема - көмек қолжетімділігі деңгейінің өңіраралық алшақтығы. Инфрақұрылымдық айырмашылықтан бөлек, қала мен ауылдарда кадрлармен қамтамасыз етуде айтарлықтай теңгерімсіздік бар. Толықтай алғанда шаралар бар, олар әзірленген. Енді оларды жүзеге асыру маңызды. Үкімет ауылдық денсаулық сақтаудың тиімді моделін құру бойынша шаралардың орындалуын қатаң бақылауға алуы тиіс», - деді Мемлекет басшысы.

ҚР Президенті денсаулық сақтау саласында цифрландыру процестерін жеделдету және тиімділігін арттыру қажеттігіне де баса назар аудартты.

«Медициналық құжаттарды қағазсыз жүргізуді енгізу қажет. Денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында денсаулық сақтаудың бірыңғай цифрлық кеңістігін құру жоспарланған. Медициналық ұйымдардың 90 пайызы платформаға ықпалдастырылатын болады. Э лектронды д енсаулық төлқұжаты енгізілді. Медициналық ақпараттарды сақтаудың бірыңғай базасы құрылды. Бұл - жұмыс жоспары десек те болады. Бірақ, оны сөзсіз жүзеге асыру қажет. Денсаулық сақтау жүйесіне білікті ІТ-мамандарды тарту, отандық әзірлеме жасаушылардың әлеуетін медициналық ақпараттық жүйеге жұмылдыру маңызды», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.


Соңғы жаңалықтар